16 шілде 2021 11:01

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қалай демалады?

© TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қалай демалатыны туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қалай демалатыны туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Шілдеде Құрбан айт мерекесі тойланады, ол 2021 жылы 20 шілдеге (сейсенбі) түсіп тұр. Демек, 20 шілде - демалыс (бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін).

Реклама
Реклама

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин тағы да күшейтілді. Жаңа шектеулер 17 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін әкімдік сайтынан оқуға болады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі кезіне қосымша шектеулер енгізілген болатын.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин де оңтүстік астанадағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медрелесерде адам көп жиналатын іс-шараларды (оның ішінде айт намазы) өткізуге тыйым салу тапсырылған.

Сонымен қатар, қала аумағында 19-22 шілде аралығында орталық мешітінде айқындалған онлайн режимде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, Алматы қаласы аумағында мал сою цехтері мен базарлар жұмысына, мал союға тыйым салынғаны айтылады.

Қаулыда 16 шілде мен 22 шілде аралығында Алматыға кіреберісте қала аумағына жануарларды әкелмеу үшін блокбекеттер қойылатыны айтылған. Алайда бұл тыйым онлайн режимде құрбандық шалуға қатысты емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram