15 шілде 2021 20:20

Алматыда жаңа қаулы: қалаға қой әкелуге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанадағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанадағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медрелесерде адам көп жиналатын іс-шараларды (оның ішінде айт намазы) өткізуге тыйым салу тапсырылған.

Сонымен қатар, қала аумағында 19-22 шілде аралығында орталық мешітінде айқындалған онлайн режимде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, Алматы қаласы аумағында мал сою цехтері мен базарлар жұмысына, мал союға тыйым салынғаны айтылады.

Қаулыда 16 шілде мен 22 шілде аралығында Алматыға кіреберісте қала аумағына жануарларды әкелуге жол бермеу және жолын кесу жөніндегі бекеттер ұйымдастырылатыны айтылған. Алайда бұл тыйым онлайн режимде құрбандық шалуға қатысты емес.

Құжатпен толықтай мына сілтемеден танысуға болады.

Ал Нұр-Сұлтандағы Құрбан айтқа қатысты карантин шаралары туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети