04 ақпан 2021 | 18:17

Қазақстандықтар Қытайдың Жаңа жыл мерекесін атап өтті

Рахиля Тілеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл биыл 12 ақпанда кіреді. Қытайлықтар бұл датаны "көктем мерекесі" деп те атайды. Мерекеге орай Қазақстандағы ҚХР елшілігі бүгін онлайн концерт өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл биыл 12 ақпанда кіреді. Қытайлықтар бұл датаны "көктем мерекесі" деп те атайды. Мерекеге орай Қазақстандағы ҚХР елшілігі бүгін онлайн концерт өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне орай жиналғандарыңызға рақмет. Гала-концертіміз онлайн өтіп жатқанына қарамастан, барынша қызық болады деп сенемін. Қазір қазақстандықтық достарымыз, қытайлық отандастырымыз қатысып отыр. (...) Сиыр - адамның досы, онымен адалдықты, сенімді байланыстырады. Сондықтан қытайлықтар болашақта бәрі жақсы болады деп үміттенеді. 2020 жыл оңай болмағанын білеміз. Пандемия біздің өмірлік көзқарасымызды өзгертіп, өкінішке қарай миллиондаған адамның өмірін алды. Пандемия бір-бірімізге деген ықыласымызды, қамқорлығымызды, денсаулыққа деген сақтықты еске салды. (...) Дегенмен өткен жыл ковидке қарсы байланысты ынтымақтастығымызды арттырды. "Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық" деген сөздің маңызын тағы дәлелдеді. Пандемияға қарамастан екі ел арасындағы іскерлік байланыс артып, мәдени-гуманитарлық алмасу тоқтамай, онлайн режимге көшті. Ешкім бұл қатынасқа сызат түсіре алмайды", - деді ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

Елші пандемияға байланысты көктемді - қытайлық Жаңа жылды отанындағы туыстарымен емес, Қазақстандағы достарымен мерекелеп жатқанын атап өтті.

Онлайн концертке еліміздегі қытай мәдениетіне қызығатын, қытай тілін меңгеріп жүрген қазақстандықтар және екі ел арасындағы дипломатиялық өкілдер қатысты. 

Сондай-ақ қатысушылар Қытай халқы сүйсіне тыңдайтын Димаш Құдайбергеннің орындауында ән тыңдады.

Қазақша және қытайша ән шырқаған өнерпаздар қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мультфильмдерді қытайша дубляждаған жас қазақстандықтар көпшіліктің қошеметіне бөленді.

 Конфуций институтының студенттері мен оқытушылары калиграфия туындыларын көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети