Қазақстандықтар “қызылға“ алты есе жиі өтетін болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар “қызылға“ алты есе жиі өтетін болған Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы екі айында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту бойынша 106 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты есе көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы екі айында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту бойынша 106 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты есе көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

DataHub статистикасына сәйкес, 2024 жылдан бастап осындай құқық бұзушылықтардың саны күрт өскен. Былтыр олардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есеге артқан, бұл соңғы бес жылдағы ең үлкен өсім. Бұған дейін жыл сайынғы өсім 41 пайыздан аспаған еді.

Фото: DataHub

Негізгі себеп – жолдардағы бейнебақылау камераларының көбеюі. 2024 жылы барлық тіркелген заңбұзушылықтардың 86 пайызы камералардың көмегімен анықталған. Жыл ішінде камералар саны 22 мыңнан 25 мыңға дейін өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылдың наурызынан бастап Астанада сары түске өту деректері тіркеле бастады. Пилоттық жоба Алматы мен Шымкентті де қамтыды. Астанада 18 мыңдай осындай құқық бұзушылық тіркелген.

Көлік санының көбеюі де статистикаға әсер етуі мүмкін. 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың наурызына дейін 412,8 мың жаңа көлік тіркеліп, бұл айтарлықтай өсімге алып келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети