Қазақстандықтар Мәжілістің 29 депутатын сайлай алады - министр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Мәжілістің 29 депутатын сайлай алады - министр Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әділет министрі Қанат Мусин қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының кейбірін тікелей дауыс беру арқылы сайлай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Қанат Мусин қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының кейбірін тікелей дауыс беру арқылы сайлай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Президент Жолдауына сәйкес елімізде депутаттарды сайлау жүйесі өзгеріп жатқанын атап өтті.

"Егер қазір Мәжіліс депутаттары партиялық негізде сайланатын болса, енді депутаттардың 30 пайызы тікелей қазақстандықтар сайлайтын аумақтан, ал 70 пайызы партиялық тізім бойынша сайланатын болады", - деді ол.

Мусин бүгінде Сенат депутаттарын аумақтан халық сайлайтынын, бірақ заңда белгіленген квотаға сәйкес оларды тікелей халық емес, мәслихаттар сайлайтынын баса айтты.

"Жаңа өзгертулер Мәжіліске сайлануға мүмкіндік береді, бұл Парламенттің тағы бір палатасы, аумақтық сайлау округтерінен 29 депутат тікелей халықтың сайлауы арқылы сайланады", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Оның айтуынша, белгілі бір аумақтан халық сайлаған депутатты өз міндеттері мен сайлау алдындағы уәделерін орындамаған жағдайда сайлаушылар кері шақырып алуы мүмкін, яғни депутаттық мандатынан айырылуы мүмкін.

"Сенатты құру тәртібі де өзгеріп жатыр. 15 депутаттың орнына 10 депутатты Президент тағайындайды, оның бесеуін өз қалауы бойынша, 5-ін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындайды", - деп еске салды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети