Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады? Midjourney

Мамыр айы – Қазақстанда мерекелерге бай, соған байланысты демалыс күндері де көбейеді. 2025 жылы да бұл дәстүр жалғасып, қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамыр айы – Қазақстанда мерекелерге бай, соған байланысты демалыс күндері де көбейеді. 2025 жылы да бұл дәстүр жалғасып, қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылдың мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер:

  • 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні
  • 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушылар күні
  • 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс болып есептеледі. Сондықтан әдеттегі сенбі мен жексенбіге қосымша бірнеше күн демалыс болады.

1 Мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс
  • 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні
  • 3–4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 1 мамыр – демалыс
  • 2–3 мамыр – жұмыс күндері
  • 4 мамыр – демалыс

7 және 9 Мамырда қалай демалады?

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс
  • 9 мамыр (жұма) – демалыс
  • 10–11 мамыр – демалыс күндері

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 7 мамыр – демалыс
  • 9 мамыр – демалыс
  • 10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
  • 11 мамыр (жексенбі) – демалыс

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін демалыс күндерін басқа күндерге ауыстыру жоспарланбағанын хабарлады. Сондықтан 8 мамырды демалысқа ауыстыру көзделмеген.

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

  • 5 күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалыс (мерекелерді қоса)
  • 6 күндік жұмыс аптасында – 8 күн демалыс

График выходных и рабочих дней в мае 2025 года в Казахстане: праздничные дни — 1 мая, 7 мая и 9 мая. Всего 12 выходных при пятидневной рабочей неделе

Мамыр айындағы кәсіби мерекелер (ресми емес):

  • 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні
  • 20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні
  • 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
  • 25 мамыр (айдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

Айтпақшы, Экология министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізіміне өзгеріс енгізу бойынша бұйрық жобасын әзірлеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети