Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандықтар Мәскеуден елге ұшып келе алмай жатыр

27 Наурыз 2016, 10:06
0
© svo.aero
© svo.aero

Қазақстандықтар 12 сағаттан бері Мәскеуден Алматыға ұшып келе алмай жатыр, себебі "Аэрофлот" әуе компаниясының Қазақстанға дейінгі рейстері тоқтатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мәскеу - Алматы" рейсі жолаушыларының бірінің айтуынша, олар "Шереметьево" әуежайында әлі отыр.

"Адамдардың барлығы наразы, ұрсысып жатыр. Біз Мәскеуден Алматыға ұшып баруымыз тиіс болған, құрбым одан әрі Шымкентке кетуі керек еді. Алайда мұндағылар ұшып келген елдеріңе қайта ұшып қайтыңдар немесе заттарыңды алып, әуежайдан кетіңдер деп жатыр", - деді қыз.

Мұндай ұсыныс қазақстандықтардың тарапынан жаппай наразылықты тудырды, осыдан кейін әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға көмек көрсете бастады. "Енді жолаушылар Қазақстанға басқа елдер арқылы ұшады - Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан. Біз Қазақстанға емес, Бішкекке ұшамыз, ал ол жақтан көлікпен Алматыға жол тартамыз", - дейді жолаушы қыз. Оның айтуынша, қазір "Шереметьевода" көптеген қазақстандық жүр, олар да Қарағандыға, Шымкентке, Астана мен Ақтауға ұшып кете алмай отыр.

Айта кетейік, "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанға дейінгі тұрақты рейстерін тоқтататынын мәлімдеді, себебі ресейлік тарап ұшуға қажетті рұқсатты алмаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай