Қазақстандықтар маусымда қалай демалады: күнтізбе

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар маусымда қалай демалады: күнтізбе Midjourney

Жаздың алғашқы айында қанша күн демалыс бар? Tengrinews.kz шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаздың алғашқы айында қанша күн демалыс бар? Tengrinews.kz шолу жасады.

Құрбан айт

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым - демалыс күндері.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым - демалыс, 7 маусым - жұмыс күні, 8 маусым - демалыс.

ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт басталатын күн мамырдың соңына қарай нақты жарияланады, бір күнге ауысуы да мүмкін.

Құрбан айт қандай мереке?

Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл кезде әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.

Маусымда қанша күн демалыс бар?

Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети