Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады Stable Diffusion нейрожелісі арқылы жасалған кескін

Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір банктер хабарлама жіберіп жатыр.

"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ пен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаларды банктерге аударған. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы - 306,6 миллиард теңге. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық өтемақыны алатын салымшылар саны - 2 миллион 615 мың 772 адам.

Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде тиесілі өтемақыға өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Еске салайық, теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыздық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық банкінің қаражаттары есебінен төленеді. Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау биылдың 10 ақпанында аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети