14 қазан 2020 16:19

Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен техпаспортты тапсырыс беріп алдыра алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті үйге жеткізіп беруге тапсырыс бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті үйге жеткізіп беруге тапсырыс бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Ол үшін тиісті деректерді, мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу керек. Кейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеп береді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасы Әсет Тұрысов көлікті рәсімдеу процесін толығымен автоматтандыру маңызды екенін атап өтті.

"Егер бұрын осы қызметті рәсімдеу үшін қазақстандықтар мамандандырылған ХҚКО-ға кем дегенде екі рет баруы керек болған. Қазіргі таңда eGov.kz порталда онлайн және қайта рәсімдеуге, нөмірлік белгіні таңдауға, автокөлікті есепке қоюға және тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті жеткізуді рәсімдеуге болады", - дейді ол.

Бұл қызметті алу үшін "Электрондық үкімет" порталында "Көлік және коммуникация" бөлімінің "Автомобиль көлігі" бөлігіне кіріп, "Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті рәсімдеу" қызметін таңдап, авторизациядан өтіп, оған тапсырыс беру керек.

Сондай-ақ, жаңа және алынатын Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті рәсімдеу бағанын толтырып, мамандандырылған ХҚКО атауын, толық мекенжайды көрсету қажет. Кейін қызметті төлеп, ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік СМС-құпиясөз арқылы сұрау салып, қол қою керек (азаматтар мобильді базасында міндетті түрде тіркелу қажет).

Қызмет жеке тұлғаларға да көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтің құны - 2 240 теңге.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети