Қазақстандықтар Моңғолияда өтетін "Әскери бәйге" байқауына қатысады

25 Шілде, 14:22
0
Қазақстандықтар Моңғолияда өтетін "Әскери бәйге" байқауына қатысады -

Таяуда Тараздағы әскери әуе айлақтан қазақстандық әскери қызметшілер Моңғолияға аттанды. Ондағы мақсат - Армия халықаралық ойындары аясында өткізілетін "Әскери бәйге" байқауына қатысу, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери бәйге - Халықаралық армия ойындарының құрамына биыл алғаш рет өткізілгелі жатқан жаңа байқау. Бұл ойын тамыз айында басталмақ. Бірақ команда жарыс өтетін жерді барлап, бейімделу үшін  он күнге бұрын шықты. Ерте шығудың да өзіндік мәні бар, моңғол аттарын шабыста сынап көру. Себебі жарыс шартына сәйкес аттарды конкурс өткізетін тарап береді.

Қазақстаннан "Әскери бәйге" байқауына қатысатын команда шеберліктерін шыңдаған, мықты топ. Биыл елімізден армия ойындарына қатысатындардың ішінде бірінші болып жолға шыққан - осы команда.

Қазақстандық әскерилер жарысқа бес ай бойы дайындалды. Моңғолия Қарулы Күштерінің өкілдері биыл Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына бәйгені қосу жөнінде ұсыныс жасағанда, Қазақстан қатысушы ретінде бірінші болып өтініш жасады. Бұлай болуына бірнеше негіз бар. Еліміздегі таулы-егерлік бөлімше "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының құрамында жиырма жылға жуық қызмет етіп келеді. Және Қарулы Күштеріміздегі жалғыз бөлімше.

Бұл бөлімше "ер қанаты - ат" екенін жақсы біледі. Олар көп жыл бойы тұлпарды серік етіп,  түрлі тапсырмаларды орындап келеді. Сондықтан болар дәл осы бөлімшенің әскери қызметшілері команданың негізгі сапында. Олар бес ай бойы әскери бөлімнің базасында және оған тиесілі аттармен полигонда жаттықты.

Ат құлағында ойнайтын жауынгерлерден құралған топты анықтау үшін іріктеу жүргізіліп, "Аравт әскери бәйгесі" байқауына барынша лайықты деп танылған шабандоздар қалды.

Қазақстандық әскерилердің нағыз қарсыластары - сайыс өтетін жердің иелері моңғолдар, сонымен қатар, есе жібермейтін қырғыздар мен ресейліктер. Қалай болғанда да, ат десе делебесі қозып тұратын жігіттер осындай мықты қарсыластармен сайысқа түседі. Шын жүйрікті анықтау, әлбетте алдағы уақыттың еншісі. Ал, ел абыройын асқақтатар жігіттерге жарыста жеңіс тұғыры бұйырсын деп тілейік!

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай