Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қыстың соңғы айы аяқталып, көктем жақындап келе жатыр. Көктемнің алғашқы айы наурызда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыстың соңғы айы аяқталып, көктем жақындап келе жатыр. Көктемнің алғашқы айы наурызда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.

2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.

Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз - демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз - демалыс, 10 наурыз - жұмыс күні.

Қазақстандықтар наурыз мерекесінде қалай демалады?

Наурыз - жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалыс;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері - 21, 22, 23 және 24 наурыз, ал сейсенбі, 25 наурыз - жұмыс күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети