18 қаңтар 2022 18:23

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды - Тоғжанов

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтар Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтар Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Pfizer қазірдің өзінде қолжетімді, 4 миллионнан аса доза сатып алдық. Бізде вакцина алатындардың нақты санаты бар - 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жүкті, бала емізетін әйелдер. Бұл тұрғыда вакцинация жүріп жатыр. Сонымен қатар, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын ескере отырып, 60 және одан да асқандарға салуға мүмкіндік берілді. Sinopharm, QazVac бар екенін ұмытпауы керек. Менің ойымша, қолжетімділік мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Тағы 1 миллион дозаға тапсырыс береміз (Pfizer вакциналары. - Ескерт.)", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

Ол қазақстандықтар ақылы түрде Pfizer вакцинасын салдыра алмайтынын мәлімдеді.

"Менің ойымша, бұл сұраққа бірнеше рет жауап берілді. Бұл - Pfizer компаниясының ұстанымы, вакцинаны сатпауға шешім қабылдады", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети