Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейіне зерттеу жасалды. Биыл сауалнама алынған жұрттың 60,6 пайызы өзін толық қауіпсіз сезінеді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 57,4 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.
Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейіне зерттеу жасалды. Биыл сауалнама алынған жұрттың 60,6 пайызы өзін толық қауіпсіз сезінеді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 57,4 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың 39 пайызы толық, 38 пайызы ішінара полицияға сенеді. Тағы алты пайызы полицияға толық сенуге дайын емес, ал үш пайызы құқық қорғау органдарына мүлдем сенбейді.
Сонымен қатар, өзін қауіпсіз сезінбейтін тұрғындардың үлесі шамалы өскен - 0,6 пайыздан 1,1 пайызға дейін.
Ер адамдар арасында сауалнамаға қатысқандардың 63,9 пайызы, әйелдер арасында - 57,6 пайызы өздерін қауіпсіз сезінеді. Өзін қауіпсіз сезінбейтіндер үлесі: әйелдерде - 0,9 пайыз және ер адамдарда - 1,2 пайыз.
Соңғы 12 айда қылмыс деңгейін бағалау тұрғысынан сауалнамадан өткендердің 40 пайызы төмендегенін, 34,7 пайызы сол деңгейде қалғанын, 22,6 пайызы жауап беруге қиналғанын, 2,6 пайызы қылмыс деңгейі өсті деп санайды.
Прокуратура органдарына жүгінген респонденттердің үлесі 5,9 пайыздан 13,2 пайызға дейін артқан. Респонденттердің 0,8 пайызы және 0,7 пайызы тиісінше Экономикалық тергеу қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көмегіне жүгінген.
Сауалнама алынғандардың прокуратураға сенімінің ең жоғары деңгейі - 39,5 пайыз. Одан кейін полиция органдары - 38,7 пайыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - 28,8 пайыз. Респонденттердің тек 22,3 пайызы Экономикалық тергеу қызметіне сенеді.
Полиция респонденттер арасында ең аз сенім тудырған: 2,6 пайызы бұл құқық қорғау органдарына сенуге болады деген пікірмен мүлдем келіспейді. Одан кейін прокуратура - 1,9 пайыз, Экономикалық тергеу қызметі - 1,4 пайыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - 1,2 пайыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!