2022 жылы қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтауға жүргізілген зерттеудің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылы қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтауға жүргізілген зерттеудің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы сәуір мен мамырда зерттеу жүргізілген. Барлық өңірде сауалнамаға қатысқандардың 58,3 пайызы тұрғылықты жерінде, далада серуендеу кезінде өзін толық қауіпсіз сезінетінін айтқан. Былтыр қараша-желтоқсанда мұндай азаматтардың үлесі 58,8 пайыз, ал бір жыл бұрын 60,6 пайыз болған.
Өзін қауіпсіз сезінбейтіндердің үлесі бір жылда 37,8 пайызға, ал өзін толық қауіпсіз сезінбегендер 2,7 пайызға дейін төмендеген. Сұрақ қойылғандардың 0,7 пайызы өз қауіпсіздігі туралы сұраққа жауап беруге қиналған.
Сауалнама қорытындысына сәйкес 62 пайыз ер адамдар, 55 пайыз әйелдер өзін толық қауіпсіз сезінген. Ал әйелдердің 40,6 пайызы және ерлердің 34,6 пайызы өзін қауіпсіз сезінбейтінін айтқан.
2022 жылы "құқық қорғау органдарына сенуге болады" деген пікірмен толық келісетіндердің үлесі азайған: 36,4 пайызы полицияға (бір жыл бұрын - 38,3 пайыз), прокуратураға - 37,5 пайыз (бір жыл бұрын - 45,9 пайыз), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке - 24,4 пайыз.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына толық сенбейтіндердің үлесі де артқан: полиция органдарына жалпы сенімсіздікпен қарайтындар -2,6 пайыздан 2 пайызға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенбейтіндер 1,2 пайыздан 1,9 пайызға, прокуратура органдарына сенбейтіндер 1,9 пайыздан 1,5 пайызға, экономикалық тергеу қызметіне сенбейтіндер 1,4 пайыздан 1,2 пайызға өскен.
Былтыр тұрғылықты жеріндегі қылмыс деңгейінің өскенін айтқан азаматтардың үлесі 2022 жылдың сәуір-мамырында бір жылда 2,6 пайыздан 1,9 пайызға дейін төмендеді.
Қылмыс деңгейі төмендеді деп есептейтін азаматтардың үлесі 40 пайыздан 40,9 пайызға дейін өсті. Қылмыс деңгейінің өзгеріссіз қалғанын айтқан респонденттердің үлесі 2021 жылғы сәуір мен мамырдағы 34,7 пайыздан 2022 жылғы сол кезеңінде 34,4 пайызға дейін төмендеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!