Қазақстандықтар референдумға 51 елде дауыс бере алады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар референдумға 51 елде дауыс бере алады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

5 маусымда республикалық референдум шеңберінде дауыс беруге қатысатын шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде сайлау учаскелері құрылады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның 51 шет мемлекеттегі өкілдігі жанынан учаскелер құрылады. Бұл учаскелердегі тізімге сайлау құқығы бар, шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан азаматы екенін көрсететін төлқұжаттары бар барлық азамат енгізіледі", - деді Петров Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға кеткен қазақстандықтар учаскелік комиссияға жүгінсе, төлқұжаттары болса, тізімге енгізіледі.

"СІМ шетелдердегі азаматтарымыздың тізіміне енгізу үшін Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан учаскелік комиссияларға көмек көрсетеді", - деп түсіндірді Петров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети