Қазақстандықтар такси бағасына шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Танымал "Яндекс Go" такси қызметіндегі тарифтердің көтерілуіне байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Танымал "Яндекс Go" такси қызметіндегі тарифтердің көтерілуіне байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше айдан бері қазақстандықтар танымал "Яндекс Go" такси қызметіндегі бағаның шарықтап кеткеніне шағымданып жүр.

Желі қолданушылары бұл мәселені көтеріп, вайндар түсіріп жатыр. Қазақстандықтар арасында такси қызметі бойынша таңдау аз. "Яндекс Go" - ең танымал қолданба.

Мобильді қолданба тұтынушыларының айтуынша, аздаған жауын-шашын болып, кептеліс болмағанда да, баға шарықтап кетеді.

"Яндекс Go" баспасөз қызметі тарифтер өзгерген жоқ деп сендірді.

"Алайда, түпкілікті бағаға тек тарифтер ғана емес, сонымен қатар басқа факторлар да әсер ететінін есте ұстаған жөн: мысалы, сапарларға сұраныс көлемі, желідегі бос көліктер саны, жол жүру қашықтығы мен ұзақтығы. Сапар неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым қымбатқа түседі, ал таңертең және кешкі кезеңде кептеліске немесе қарлы жолдарға байланысты көліктердің жылдамдығы негізінен төменірек болады", - деп түсіндірді такси қызметі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, қар жауып, ауа райы қолайсыз болған кезде таксиге отыруға ниет білдірушілер саны еселеп артады. Сонымен қатар, белсенді жүргізушілердің саны азайып келеді: мұндай қозғалыс жағдайында кез келген адам желіге шыға алмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer