Қазақстандықтар тамызда қосымша бір күн демалады: күнтізбе

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар тамызда қосымша бір күн демалады: күнтізбе Фото:depositphotos.com

2024 жылғы тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 10 күн демалыс және 21 жұмыс күні болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылғы тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 10 күн демалыс және 21 жұмыс күні болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. Биыл мереке жұмаға сәйкес келетіндіктен, бес күн жұмыс істейтін тұрғындар 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында демалыста болады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де қосымша демалыс күні болады, бұл жағдайда 31 тамыз жұмыс күні болады. Нәтижесінде аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамызда небәрі 5 күн демалады.

Тамыздағы мереке күндері

Қазақстан тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар даталарды атап өтеді:

  • 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні;
  • 10 тамыз - Абай күні;
    11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні;
  • 18 тамыз - шекарашылар күні;
  • 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) - Шахтерлер күні;
  • 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети