Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Егемен Қазақстан – egemen.kz © Егемен Қазақстан – egemen.kz

16 желтоқсанда қазақстандықтар елдің басты ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

16 желтоқсанда қазақстандықтар елдің басты ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданған.

Кеше Елбасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысқан кезінде Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтаған еді.

"Тәуелсіздіктің 25 жылы - біздің буынның уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі. Осы мерейтойлық жылда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануының символдық мәні бар. Парламент қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы біздің ұлы жетістіктеріміз бен жеңісімізді айшықтаған маңызды саяси-құқықтық құжатқа айналды", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік кезеңіндегі басты жетістіктерге тоқталып өтті.

"Жетекші халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, еліміз әлемге Қазақстанның «экономикалық ғажайыбының» жарқын үлгісін көрсетті", - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамның қарыштап дамығанына назар аударды.

"Біз бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделін қалыптастырдық. Жалпы халықтың қалауымен құрылған Халық ассамблеясы барлық ұлтты қанатының астына алып, басын біріктіре білді. Ең бастысы, кез келген адам "Мен – қазақстандықпын, бұл - менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!" деп айта алатын әділетті қоғамды орнаттық", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жаңа елорда - Астананың құрылуын басты табыстарымыздың бірі ретінде атап өтті.

Елбасы экономикалық жетістіктер арқасында халықтың әл-ауқатының нақты өсімін қамтамасыз ете алғанымызды айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру барысында 2017 жылы зейнетақы мөлшерін биылғы деңгейден 20 пайызға, сондай-ақ бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін де 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға ұлғайтуды тапсырды.

Қазақстан Президенті еліміздің халықаралық аренадағы табыстарына, соның ішінде еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамаларына, жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығымызға, бітімгершілік мақсат жолына жұмсаған күш-жігерімізге ерекше назар аударды.

"Жаңа елдің іргесін қалаған бүгінгі замандастардың ерен еңбегі уақыт өте келе, тіпті мың жылдан кейін де ұрпақтарымызға Отанымызды одан әрі ілгерілету жолында демеу болып, септігін тигізе береді", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен тағы да құттықтап, халқымызға мол табыс пен зор жетістіктер тіледі.


© Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, 16 желтоқсанда сағат 22.00-де "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы маңында, Есіл өзені жағалауы мен Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында отшашу болады

Ал сағат 16:00-де "Байтерек" монументінің жанында мерекелік концерт басталады.

Сонымен қатар, 16 желтоқсанда "Астана" концерт залында (бұрынғы "Конгресс-холл") Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. 16:00-де Астана циркінде тақырыптық эстрадалық-цирктік "Мәңгілік ел" бағдарламасы жоспарланған (билетпен кіруге болады).

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау шаралары аясында елімізде жалпы алғанда сегіз мыңнан аса іс-шара өткізу жоспарланған. "Барлық іс-шараларға республикалық бюджеттен 407 миллион теңге бөлінді", - деп мәлімдеді мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова. 

16 желтоқсанда 16:00-де "Қазақстан" орталық концерт залында "Қазақ Елі" киноэпопея циклынан "Қазақ хандығы" фильмінің тұсаукесері болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro