Қазақстандықтар тегін қосымша арқылы өзгерте алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Электрондық үкімет" порталының MGov қосымшасында 12 қосымша қызмет іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Электрондық үкімет" порталының MGov қосымшасында 12 қосымша қызмет іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар ала алады. Сондай-ақ, некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру, әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру және некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру мүмкіндігі пайда болды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы), мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін) қызмет түрлері енгізілді. 

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).

"Электрондық үкімет" мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті.Бүгінде eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.

Осылайша, барлық танымал анықтамалар iOS және Android платформасында гаджеттер әуесқойлары үшін аударылған. Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымша 1,38 миллион еседен астам жүктелгенін атап өткен жөн, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro