14 қараша 2020 13:48

Қазақстандықтар TikTok-тағы видеодан кейін теңге монеталарын сатып ала бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар TikTok-тағы видеодан кейін теңге монеталарын сатып ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар TikTok-тағы видеодан кейін теңге монеталарын сатып ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

TikTok-та Мonety_v_karagande атты қолданушының видеосы 280 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Біздің әмиянымыздағы ақша номиналынан әлдеқайда қымбат тұруы мүмкін екенін көбі білмейді. Мысалы - 1997 жылғы 1 теңге. Бүгінде бұл монетаны айналымда сирек кездестіреміз, бірақ оны тапсаңыз, 500 теңгеге сатуға болады. Өзінің номиналды құнынан 500 есе қымбат. Қазір оны қайтарым ретінде алу екіталай, бірақ ескі жинақ сандықшасынан табуға болады. Тапқан адамнан мен бұл ескі монетаны 500 теңгеге сатып алуға дайынмын", - дейді видео автор.

@monety_v_karagande

#нумизматика #втоп #казахстан #караганда

♬ оригинальный звук - monety_v_karagande

Осы видеодан кейін монета белсенді түрде сатыла және сатып алына бастады. Алайда кей желі қолданушысына бұл не үшін керек екені түсініксіз. Ал тағы бірі монета құрамында таза алтын бар дейді, дегенмен бұл нұсқа қате. 

"Номиналы 1 теңгелік осы монеталар 1997 жылы айналымға шығарылған, ол бағалы емес металл - нибрасстан дайындалды. 2013 жылдан бастап номиналы 1, 5 және 10 теңгелік монеталар жезден гальваникалық жабыны бар көміртекті болаттан жасалады. Тиісінше, 2013 жылға дейін айналымға шығарылған нибрасс қорытпасынан жасалған монеталар нумизматикалық нарықта жоғары сұранысқа ие болуы мүмкін.

Барлық монета заңды төлем құралы саналады және олар Қазақстан Республикасының барлық аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына салу және аудару үшін белгіленген құнымен қабылдануға міндетті, олар елдегі барлық банкте шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.

Видео авторы, қарағандылық коллекционер Алексей Черакаев та өз тарапынан 1997 жылы шығарылған теңгелерді неге сатып алатынын түсіндірді. 

"Бұл қарапайым монета. Құрамы да басқа жылдағылармен бірдей. Сол жылғы монеталардың көбі қазір айналымнан шықты, құндылығы сол. Бірі жоғалса, бірін Ұлттық банк қайта балқытуға алды. Ал бүгінде дәл 97-ші жылғысын кездестіру өте қиын, әсіресе 1 теңгесін. Сондықтан коллекционерлер арасында ол бағалы", - деп түсіндірді Алексей Черакаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети