Қазақстандықтар төлқұжатын онлайн режимде ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар төлқұжатын онлайн режимде ала алады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандықтарға жеке құжаттарды рәсімдеу қызметі онлайн режимде қолжетімді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға жеке құжаттарды рәсімдеу қызметі онлайн режимде қолжетімді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды.

Қызметтер электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады.

"Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны онлайн форматта іске қосылсын. Осы қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортын, жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың ерекшелігіне қосымша онлайн форматта ІІМ жеке куәліктің қолданыс мерзімінің аяқталу себебі бойынша халықты құжаттандыру мобилді қосымшаларын электронды үкімет порталы нысанында бекітілсін. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді және 2026 жылғы 31 наурызына дейін қолданылады", - делінген құжатта.

Жобаны жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні атап өтілді. Жоба 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети