22 маусым 2023 | 10:30

Қазақстандықтар тұрғын үй субсидиясының тоқтап қалуына байланысты наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Тұрғын үй субсидиясын алатын Қазақстан тұрғындары төлемдердің кенет тоқтап қалғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй субсидиясын алатын Қазақстан тұрғындары төлемдердің кенет тоқтап қалғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының тұрғыны, Ермек есімді көпбалалы әкенің айтуынша, әр айдың 11-ші күніне дейін төлемдер есептелген. Алайда маусым айында субсидиялар кенеттен тоқтап қалған.

"Осы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасын 3-4 ай бұрын естіп, үш айға жуық уақыт жүгіріп-жүріп әрең алдым. Іле ауданы, Боралдайда жеке үй жалдап тұрамын. 5 балам бар. Ай сайын "Отбасы банкіне" 97 700 теңге саламын. Қалған 46 000 теңгені банк қосымша төлейді. Сосын бұл ақша үй иесінің шотына түседі. Осы айдың басында үй иесі маған қоңырау шалып, үйді жалға алу ақшасы түспегенін айтты", - дейді көпбалалы әке.

Ер адам бірден түсініктеме алу үшін "Отбасы банк" бағдарламасының операторына жүгінген.

Мен "Отбасы банкіне" барып, не болғанын сұрасам, олар маған скриншотты көрсетеді. Оларда қандай да бір ортақ топ бар екен және сол жерде жазылған "республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға арналған ақша үш облыста аяқталған. Олар; Алматы, Ұлытау және Түркістан облыстарында. Мен айттым: енді не істеуім керек десем? Олар ештеңе белгісіз екенін, ақша таусылған сондықтан жалға алған үйімнің ақшасын өз қалтамнан төлей тұруымды сұрады", - деп ашуланды Ермек.

Бұл ретте ер адам әкімдіктен де, банктен де субсидиялауды тоқтату туралы хабарлама алмағанын мәлімдеді.

"Ешкім ештеңе түсіндірмеді, бізге ешкім байланысқа шықпады. Төлемдерде мұндай проблемалар болуы мүмкін екенін ескертпеді. Жай ғана не қалайды, соны істейді. Елестетіп көріңізші, мен сияқты қаншама адам, көп балалы отбасылар осы субсидияға өтініш білдірді", - деді үйді жалға алушы Ермек.

Ермек өзінің жұмыс істейтінін, ал тұрғын үй субсидиялары көп балалы отбасы үшін жақсы көмек болғанын айтты.

"Отбасы банк" жалдамалы баспанаға субсидия төлеуге қатысты жағдайды түсіндірді. Банк бұл бағдарламаға тұрғындар тарапынан сұраныс аз болғандықтан, уәкілетті орган 40 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты басқа бағытқа, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге бағыттау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл ретте банк қалған қаражат шегінде жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауды жалғастырып жатыр.

"Осыған дейін мәлім болғандай, бағдарламаны қаржыландыру тек республикалық емес, жергілікті әкімдіктердің қаражатына да байланысты. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта әкімдіктер тарапынан қаржыландырудың кешіктірілуіне байланысты кейбір өңірлерде бағдарламаға қатысушылардың төлемдері кешігуі байқалады. Осы мәселені тез арада шешу үшін уәкілетті органдар айналысатын болады", - деп хабарлады "Отбасы Банк" қызметкерлері.

Банк ай сайынғы жалға алу субсидиясын алмаған қазақстандықтар төлемді өздері жасай алатынын айтты.

"Содан кейін бұл қаражат олардан өтеледі. Бұл шарттар жалға алуды субсидиялау келісім шартында көрсетілген", - деді банк қызметкерлері.

Еске салайық, жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2022 жылы басталған болатын. Бұл бағдарламаның операторы "Отбасы банк" болды. Жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 42 миллиард теңге бөлінсе, жергілікті әкімдіктер жиынтығында 10 миллиард теңге бөледі.

Бөлінген қаражат субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың жалға берілетін тұрғын үй құнының 50 пайызын жабуға мүмкіндік береді.

Төрт санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар осындай мемлекеттік қолдауға өтініш бере алады:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетімдер;
  • көп балалы отбасылар.

Бұл ретте, соңғы 6 айдағы жалдау бойынша субсидия алуға өтініш білдірген отбасылардың орташа айлық жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 мөлшерінен (1 ПМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети