Қазақстандықтар Ыстамбұл әуежайында қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Ыстамбұл әуежайында қалып қойды Видео кадры

Қазақстандық отбасы Ыстамбұл әуежайында қалып қойды. Олар Алматыдан Мәскеуге дейін транзитпен жетпек болған. Алайда түрік әуежайында келеңсіз жайт орнап, Қазақстан азаматтығы бар әйелді ұшаққа өткізбей қойыпты. Мұндай ақпаратты Юрий Дорохов есімді Facebook қолданушысы бөлісті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, әуежайда қалып қойған өзге ұлт азаматтары көп. Мұның себебін әуежай мамандары бортқа кіруге тек ресейліктердің құқығы барын айтқан. Ал Түркиядағы Ресей елшілігінің мәліметінше, ешқандай тыйым салу жайлы қаулы шықпаған.

"Түрік әуе жолдарының кеңсесінде ресейліктерден басқаларға бортқа кіруге тыйым салынғаны айтылды. Ал елшілік бұдан бейхабар. Неліктен Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл жайлы ресми ақпарат бермей отырғаны түсініксіз. Билеттер де қайтарылмайды", - дейді Юрий Дорохов. 

Әуекомпания билеттердің құнын өтеуден бас тартты. Алайда, қайтадан Алматыға ұшу билеттерін тегін беретінін жеткізген. Ал Мәскеуге бару үшін отбасына Минск арқылы ұшу ұсынылып отыр. Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлама жасады. Олардың мәліметінше, ел азаматтары Ресейге тек тікелей рейстермен бара алады. Мұндай ережелер жыл бойы қолданылмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети