Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz /Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz /Тұрар Қазанғапов

Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша 44 елдің рейтингінде 37-орында тұр. Бұл ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша 44 елдің рейтингінде 37-орында тұр. Бұл ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының 47,2 пайызын тамаққа жұмсайды. Рейтингке қатысушы ТМД елдерінің арасында бұл ең жақсы көрсеткіш. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер зейнетақысының 58,9 пайызын азық-түлікке жұмсайды, Молдовада - 59,2, Беларусьте - 76,7, Украинада - 84,9 пайыз. 

Үздік елдер қатарында: зейнетақының тек 13,4 пайызы азық-түлікке жұмсалатын Норвегия, Аустрия - 13,7 пайыз және Франция - 14,3 пайыз.

Норвегия рейтингке қатысушы елдердің ішінде ең үлкен зейнетақыға ие - 2017 доллар. Одан кейін Швейцария - 1 913 доллар және АҚШ - 1 663 доллар.

Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие, бірақ ол небәрі 220 доллар. Ресейде зейнеткерлерге орташа есеппен 203 доллар, Беларусьте - 183 доллар, Молдовада - 143 доллар, Украинада - 123 доллар төленеді.

2021 жылы Қазақстанда 65 және одан жоғары жастағы 1,6 миллион зейнеткер болды. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмысын жалғастырды, бұл бір жыл бұрынғыдан үш пайызға артық. Зейнеткерлердің жалпы санынан жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі небәрі 4,3 пайызды құрады.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2 пайызы немесе 48,7 мың адам дербес жұмысшылар; 22,6 пайызы немесе 15,9 мың зейнеткерлер жұмысшылар. Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде, 46 адам шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары мен үлескерлері, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері, жеке тұлғалар ретінде тіркелді.

Салалық тұрғыда зейнеткерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған: 73 пайызы немесе 51,3 мың адам. Басқа сұранысқа ие салалар арасында көтерме сауда, бөлшек сауда және автокөлік жөндеу, сондай-ақ көлік және логистика секторы бар.

Биылғы жылдың наурыз айында зейнетақының орташа мөлшері 105,3 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,2 пайызға артық. Қазір елімізде 2,2 миллион зейнеткер бар.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro