18 ақпан 2019 | 17:52

Қазақстандықтарды 20 ақпанға дейін ұзақ жолға шықпауға шақырды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото:dvinatoday.ru © фото:dvinatoday.ru

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер қазақстандықтарға жолдағы қауіпті жағдайларды айтып, көлікпен ұзақ жолға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер қазақстандықтарға жолдағы қауіпті жағдайларды айтып, көлікпен ұзақ жолға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Ақпанның 18-20 аралығында дауыл болатыны туралы ескерту болған. Көшедегі ауа-райының қандай болып тұрғанын көріп тұрсыздар. Өткен күні Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облысында кептіліс болды. Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, көліктер қарлы аймақтан шығарылды. Қарағанды тас жолы жабық, түнгі уақытта тағы бірнеше елді-мекендерге жол жабылады", - деді Беккер баспасөз мәслихатында. Оның сөзінше Қазақстанда мұндай қолайсыз ауа-райы 20 ақпанға дейін жалғасады.

"Ұзақ сапарларды уақытша ілгерлетуге кеңес беремін. Тәуекел жасаудың қажете не? Боран, көк тайғақта алыс сапардың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мүмкіндігінше жолға шығуды кейінге қалдырған жөн. Жолдар жабылады. Қоғамдық көліктер мен үлкен жүк көліктеріне де жол жабылады. Жеке көліктерге шектеу аз болады. Бірақ, егер бір жерге теміржолмен бару мүмкін болса, көліктен пойызға ауысқан жөн", - деді Владимир Беккер.

Оған қоса, дауыл еліміздің оңтүстік айматарында болатыны да айтылған.

"Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі және ол күшті болуы мүмкін. Облыста қар мүлде жоқ, бірақ кеше аз мөлшерде жауын-шашын болған. Бірақ, ол да күшеюі мүмкін", - деді Беккер. Оның айтуынша, еліміздің солтүстік аймақтарында ресейден келетін адамдарға, республиканың кейбір жерлерінде жол жүрісіне шектеу қойылғаны туралы есткертіліп жатыр деді. Ол осыған дейін үлкен кептеліс болағанын, бірақ ол мәселе қазір шешілгенін айтты.

"Біз "Қазавтожол" ҰК-мен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, елді мекендердің ара-қашықтығы ұзақ болғандықтан, төтенше жағдай кезінде жолды жабуға көп уақыт кетеді. Біз адамдардың өмірімен тәуекел жасай алмаймыз. Уақытында жолдарды жабуымыз дұрыс шешім деп ойлаймын", - деді ол. 

Айта кетейік, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында қазіргі уақытта жолдар жабық. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети