28 қаңтар 2020 | 11:40

Қазақстандықтарды қайтару үшін Уханға арнайы борт жіберілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытайдың Ухан қаласында қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы борт жіберуді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Ухан қаласында қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы борт жіберуді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кеше ҚХР СІМ-де шетелдік дипломаттар үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қытай тарапы елдегі жағдай туралы айтты. Әрине, олар барлығы бақылауда екенін және қажетті шаралар қолданылып жатқанын айтты. Қозғалысты азайту үшін азаматтардың мүмкіндігінше тұрғылықты мекен-жайында қалуын өтінді. Сондай-ақ, олар шетелдік мемлекеттердің өз азаматтарын эвакуациялау туралы сұраныстарын қарастыратынын айтты. 

Осы орайда біздің тараптан ҚХР-ға нота жіберілді, қазіргі уақытта Ухандағы студенттерімізді эвакуациялау мәселесін ойластырып жатырмыз. Онда біздің 98 студентіміз бар. Студенттермен хабарласып жатырмыз, олар қайтамыз деген жағдайда арнайы борт жіберу мәселесін ойластырамыз", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев. 

Оның айтуынша, рұқсат алу шарасы Қытайдың келісімін күтіп отыр екен. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети