Қазақстандықтарды зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері күтіп тұр. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр жұмыс беруші міндетті он пайыздық аударымнан бөлек, қызметкердің жалақысының қосымша бес пайызын қосып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Енді жұмыс берушіге ақшаны өз қаражатынан төлеуге тура келеді. Еңбек министрлігі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын шамамен 35 миллиард теңге түседі деп болжап отыр.
Тиісті заң 2015 жылы қабылданған. Бұл жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған болатын, бірақ тиісті ведомство жаңа ережелерді келесі жылға ауыстырды.
"Егер зейнетақы өмір бойы республика бюджетінің есебінен төленсе, оны алуға 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар адамдардың да құқығы болады. Демек, 1980 жылы туған азаматтар 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмағандықтан оларда мұндай құқық болмайды ", - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры Виктория Шегай.
Департамент басшысының айтуынша, жаңа ережелер тұжырымдамасына сәйкес өмір бойы төлем жасауды қамтамасыз ету үшін оны қосымша шартты жинақтаушы компоненттермен толықтыруға шешім қабылданған.