20 желтоқсан 2016 | 14:56

Қазақстандықтардың 43 пайызы зейнетақы жинақтарының ертеңіне күмәнмен қарайды - сауалнама

ПОДЕЛИТЬСЯ

© MediaNet халықаралық журналистика орталығы © MediaNet халықаралық журналистика орталығы

Қазақстандықтардың 43 пайызы зейнетақы жинақтарының ертеңіне күмәнмен қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MediaNet халықаралық журналистика орталығына сілтеме жасап. Бұл мәлімет DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросының Қазақстан азаматтары арасында "Зейнетақы жинағы" тақырыбында жүргізілген сауалнаманың қорытындысында анықталды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың 43 пайызы зейнетақы жинақтарының ертеңіне күмәнмен қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MediaNet халықаралық журналистика орталығына сілтеме жасап. Бұл мәлімет DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросының Қазақстан азаматтары арасында "Зейнетақы жинағы" тақырыбында жүргізілген сауалнаманың қорытындысында анықталды.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1963 адам қатысты. Әйелдер - 82 пайыз, ер азаматтар - 18 пайыз. Іріктеу ықтималдығы 90 пайыз, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 1,33 пайыздан аспайды.

Сауалнама әдісі - телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Зерттеу 2016 жылы 3-13 желтоқсан аралығында жүргізілді. Зейнетақы жарнасы зейнет жасына жеткен азаматтың зейнетақыны тұрақты түрде алуына кепілдік беретініне қазақстандықтардың 41 пайызы сенеді.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 43 пайызы "зейнетақы қорына салып жатқан ақшаларымды болашақта алатыныма күмәнім бар" деп жауап берді. Осы жауапты таңдаған респонденттердің көбі (51 пайыз) 30-39 жас аралығында. Ал, олардың орналасу аймағы бойынша алсақ, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 70 пайызы және Маңғыстау облысы халқының 72 пайызы болашақта қазір жинап жатқан ақшаларын зейнетақы түрінде алатынына аса сенбейді.

Сонымен қатар, респонденттердің 16 пайызы "зейнетақы жарнасын қосымша салық деуге де болады, бұл ақшаның көп бөлігі түбінде біреулердің қалтасына түседі" деп жауап берді.

2015 жылы барлық зейнетақы қорлары "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына" біріккеннен кейін, ҚР Ұлттық Банкі 90 миллиард теңгені аударып алды. Бұл ақшаның қайда кеткені осы уақытқа дейін халық үшін жұмбақ. Зерттеу барысында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар тарапынан пессимистік көзқарастардың көптен байқалауына осы жағдай себеп болса керек. 

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін сауалнама қатысушыларының 35 пайызы қолдайды екен. Ал, 31 пайызы бұл пікірге қарсы шықты. Олардың пікірінше, "еліміздегі зейнетақы жүйесін толықтай өзгерту керек. Себебі, қазіргі модель өзін-өзі ақтамайды". 34 пайыз респонденттер бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Қазіргі уақытта зейнетақы алып жүрген зейнеткерлер қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесіне оң баға берді. Зерттеу барысында алдынғы буын өкілдері "60-69" және "70 және одан жоғары" екі жас категориясы бойынша сұралды. 74 пайызы 60-69 жас аралығындағы қатысушылар және 76 пайыз 70 және одан жоғары жастағы қатысушылар зейнетақы жинақтарының сенімді әрі тұрақты екеніне сенеді екен.

Респонденттердің 36 пайызы зейнетақы қорында жиналған қаржының әртүрлі экономикалық салаға инвестиция ретінде тартылуын аса құптамайды. Бірақ, қазіргі экономикалық жағдайды ескеріп, бұл шешімге түсінікпен қарайтынын айтты. Ал, бұл шешімге мүлдем қарсы азаматтардың көбі Шығыс Қазақстан (67 пайыз) және Қызылорда (68 пайыз) облыстарында тұрады.

Қазақстандықтардың 35 пайызы зейнетақы қорларында жиналған қаржыны  өзге салаларға инвестиция ретінде пайдалануға бірауыздан қарсы. Олар "одан да ақшаның банкте депозитте жатқанын қалаймын" деп жауап берді.

Респонденттердің қалған 29 пайызы БЖЗҚ (ГНПФ) қаржысының экономиканы дамытуға инвестиция ретінде тартылуына қарсы емес. Олар жиналған қаржы орнымен жұмсалады деп үміттенеді әрі  сол уақытта жинаған қаржы көбейеді деген сенімде.

Зейнетақы жинақтарының әр түрлі салаларды дамытуа инвестиция ретінде пайдаланылуын әйелдерге қарағанда ер азаматтар дұрыс деп қабылдаған екен. Бұл шешімді ер азаматтардың 43 пайызы қолдаса, әйелдер азырақ - 26 пайыз.

Сауалнама барысында халықтың зейнет жасы жайлы ойлары да сұралды. Респонденттердің 49 пайызы зейнет жасын төмендету керек, азаматтардың көп бөлігінің денсаулығы зейнетке шыққанша  жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді деп ойлайды екен. Бұл сұраққа әйелдер мен ер азаматтар теңдей жауап берді.

Ал, 34 пайызы "зейнет жасына дейін жұмыс істеуге болады. Алайда, егде жастағы адам үшін жұмыс табу мүмкін емес деуге болады" деген пікірде. Сондай-ақ, жауап берушілердің небәрі 17 пайызы "азаматтардың көбі белгіленген жасқа дейін сапалы жұмыс жасауға қабілетті" деп сенімді жауап берді.

Еске салайық, Қазақстанда 2018 жылға дейін ер азаматтар үшін белгіленген зейнет жасы - 63 жас, әйелдер үшін - 58 жас.  "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау" туралы 11-бабында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдерге зейнетақы төлемдері 58,5 жасқа толғанда тағайындалатыны айтылған. Осылайша, жыл сайын әйелдердің зейнетке шығу жасы көтеріле береді, 2027 жылы әйелдер ерлермен бірдей 63 жасқа толғанда зейнетке шығатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети