Қазақстандықтардың ақша аударымдары туралы ақпарат ҚМА-ға берілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың ақша аударымдары туралы ақпарат ҚМА-ға берілмек Midjourney

Банктер клиенттердің күмәнді операциялары туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлайтын болады. Бұл туралы заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банктер клиенттердің күмәнді операциялары туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлайтын болады. Бұл туралы заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, құжат банктер мен басқа да қаржы ұйымдарын клиенттердің күмәнді операциялары туралы хабарлауға міндеттейді.

"Қаржылық мониторинг субъектілері клиенттің өз қызметін табыстарды заңдастыруға немесе терроризмді қаржыландыруға пайдалануы мүмкін екені туралы ақпаратты оның ақша және басқа мүлікпен жасайтын операцияларының жиынтығы негізінде жібереді", – деді Елемесов Мәжілістің пленарлық отырысында.

ҚМА басшысы орынбасарының баяндамасына сәйкес, күмәнді әрекеттерге нақты не жататынын ведомствоның өзі анықтайды. Мысал ретінде ірі сомадағы жиі аударымдар келтірілді.

"Бұл түзету еліміздің қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға және талдау мен мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін құруға бағытталған", – деді Елемесов.

Қаржы мониторингі агенттігі – Президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган. ҚМА-ның негізгі міндеті – қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес.

Еске салайық, қазақстандықтардың ақшалай, соның ішінде мобильді аударымдары бұған дейін де мемлекеттік органдардың назарында болған. Мәселен, банктер үш ай қатарынан жүзден аса түрлі тұлғадан ақша аударымын қабылдайтын қазақстандықтар туралы мәліметті салық органдарына беруге міндетті. Бұл кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарға қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети