Қазақстандықтардың ақшасы офшордан табылды: 1,2 миллиард теңге Панамада жасырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың ақшасы офшордан табылды: 1,2 миллиард теңге Панамада жасырылған Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтардың оффшорлық банк шоттарында 1,4 миллиард теңге ақшасы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың оффшорлық банк шоттарында 1,4 миллиард теңге ақшасы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта оффшорлық юрисдикцияларда ашылған азаматтарымыздың банктік шоттарындағы ақша сомасы 1,4 миллиард теңге болатыны айта кетейік. Ең көп сома Панама республикасы 1,2 миллиард теңге, Вануату 0,2 миллиард теңге, Сан-Марино 0,1 миллиард теңге сияқты елдерге және т. б. тиесілі", - делінген хабарламада.

Қазақстан CRS шеңберіндегі ынтымақтастық географиясын кеңейтуді жалғастырып жатыр.

"Егер 2021 жылы деректер алмасу 51 юрисдикциямен жүзеге асырылса, 2024 жылы олардың саны 89-ға жетті, оның ішінде 26 оффшорлық ел. ЭЫДҰ әзірлеген бұл тетік капиталды заңсыз шығаруға қарсы күресте маңызды құрал болып табылады және шетелде шоттары бар қазақстандықтардың кірістерінен салықтарды тиімді әкімшілендіруге көмектеседі", -делінген ақпаратта.

Осылайша, Қазақстан салықтық ашықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады, бұл бюджет түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети