Қазақстандықтардың әл-ауқаты қалай көтерілмек? Жұманғарин жауабы

Қазақстандықтардың әл-ауқаты қалай көтерілмек? Жұманғарин жауабы Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанда халықтың әл-ауқатын көтеру бағдарламасын әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда халықтың әл-ауқатын көтеру бағдарламасын әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер шенеуніктерден билік қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін қалай көтермекші екенін және тиісті бағдарлама қашан ұсынылатынын сұрады.

"Біз оны (бағдарламаны - ред. еск.) іс жүзінде аяқтадық. Меніңше, мамырда таныстырамыз", - деді Жұманғарин.

Жарнама
Жарнама

Қазақстандықтар қалай табысын арттырып, тұрмысын жақсартады деген сауалға вице-премьер үкімет тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық береді деп жауап береді.

"Ең басты тәсіл тұрақты, сенімді жұмыс орындарын құру. Мұнда бұдан басқа ерекше тәсіл жоқ", - деді ол.

Жұманғариннің айтуынша, мемлекеттік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері әрқашан экономика мен бюджеттің жай-күйіне байланысты болады.

"Қалғанының бәрі қалай болғанда да мемлекеттің қазіргі ахуалына сүйенеді. Мен бұл жерде мемлекеттік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, зейнетақы төлемдерін және тағы басқаларын айтып отырмын", - деп толықтырды министр.

Жұманғарин салық реформасынан мемлекетке түсетін 2 триллион теңгенің 1 триллионы "Бәйтерек" холдингіне берілетінін айтты.

"Біз оны не үшін бердік? Кәсіпорындар ашу үшін. Үлкен және ірі кәсіпорындар құру керек. Тұрақты жұмыс орындары болуы үшін", - деп түсіндірді ол.

Вице-премьердің сөзінше, қалған қаражат ауылдарға - дәл солай жұмыс орындарын ашуға жұмсалады. Жұманғарин биыл ауылдық жерлерде нақты жалақы өскенін атап өтті.

"Жалақы төмендеген салалар бар, қаржы секторы мен құрылыста азайды, бірақ ауылда жалақы көтерілді. Сондықтан бұл өте жақсы көрсеткіш", - деп түйіндеді шенеунік.

Мән-жайы

Бұған дейін Серік Жұманғарин 2025 жылдың аяғында 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын көтеру жобасын таныстырғанын жазған болатынбыз. Сол кезде ол қазақстандықтардың нақты табысы инфляцияны есепке алғанда 2–3 пайыз өсуі тиіс екенін айтқан еді.

Сондай-ақ Қазақстанда ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Ұлттық экономика министрлігі бұл халықтың нақты табысын арттыру жұмыстарының бір бағыты екенін, алайда нақты мерзімі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болатынын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама