Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Үкіметте егжей-тегжейі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Үкіметте егжей-тегжейі айтылды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) қазіргі 85 мың теңгеден екі есеге жуық - 150 мың теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы үкімет кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) қазіргі 85 мың теңгеден екі есеге жуық - 150 мың теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы үкімет кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әмриннің айтуынша, қазіргі уақытта халықтың нақты табысын арттыру мәселесі бірнеше бағыт бойынша пысықталып жатыр, соның бірі - ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарау.

"Бірінші кезекте бұл - ең төменгі жалақы мәселесін қарастыру. Иә, мұндай мәселе күн тәртібінде тұр", - деді Әмрин.

Ол қазіргі уақытта ЕТЖ 85 мың теңге екенін еске салды. Бұл ретте вице-министр көптеген елде ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50 пайызына жететінін атап өтті.

"Яғни, алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу - біздің міндетіміз", - деді шенеунік.

Әмрин нақты мерзімді әлі атаған жоқ. Оның айтуынша, бәрі бюджеттің мүмкіндігіне байланысты болады.

"150 мың теңге қашан болатынын қазір айта алмаймын. Бұл өте ауқымды әрі күрделі мәселе. Бәрі бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. Біз биылғы түсімдердің қалай болатынын көреміз. Егер осы динамика сақталса, онда бізде мұны іске асыруға қаржылық мүмкіндік туады", - деп толықтырды ол.

Ең төменгі жалақы, ең алдымен, жұмыс берушінің толық жұмыс айы үшін қызметкерлерге төлеуге міндетті ең төменгі шекке әсер етеді. Сонымен қатар ол кейбір салықтарды, әлеуметтік жарналар және мемлекеттік жәрдемақыларды есептеу үшін негіз ретінде қолданылады. Сондай-ақ ЕТЖ-ның өзгеруі көбінесе төлемдер көлемін және жалпы экономикадағы жалақының "төменгі шегін" қайта қарауға түрткі болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети