25 тамыз 2017 | 19:44

Қазақстандықтардың Әмірліктерге қашаннан бастап визасыз кіре алатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық тарап жалпыазаматтық паспорттарын иеленуші екі мемлекет азаматтарының 30 күнге дейін визадан босатылуын көздейтін құжаттың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinerws.kz тілшісі ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ясер аш-Шималимен кездесуде мәлімдеді.

Иконка комментария блок соц сети

Өз кезегінде Ясер аш-Шимали Әмірліктер тарапы да Қазақстан азаматтарының БАӘ-ге визасыз баруына мүмкіндік беретін қол қойылған екі жақты хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқталуға жақын екенін хабарлады.

2017 жылғы қыркүйекте БАӘ Үкіметінің қаулысы бекітілгеннен кейін Әмірліктердің барлық мемлекеттік органдары, сондай-ақ Әбу-Даби, Дубай және басқа әмірліктердің халықаралық әуежайлары бұл туралы ақпарат алады және өздерінің ішкі ережелеріне түзетулер мен өзгерістер енгізеді.

БАӘ СІМ КҚД Директорының пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін Әмірліктерге визасыз кіру тәртібі шамамен 2017 жылғы қазан-қарашада күшіне енеді.

Анықтама: 2017 жылғы 23 мамырда Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР және БАӘ жалпыазаматтық паспорттарын иеленуші азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы хаттамаға қол қойылды.

2017 жылғы 20 шілдеде ҚР Үкіметі жоғарыда аталған 2010 жылғы 13 мамырдағы үкіметаралық Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы өз қаулысымен бекітті.

2017 жылғы 26 шілдеде ҚР СІМ дипломатиялық арналар арқылы БАӘ сыртқы саяси ведомствосына екі жақты Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің Қазақстанда аяқталғаны туралы хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети