Қазақстандықтардың айыппұлдары ішінара немесе толық кешірілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың айыппұлдары ішінара немесе толық кешірілуі мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстанда әкімшілік амнистия аясында азаматтардың бір бөлігін жауапкершіліктен босатып қана қоймай, айыппұлдарды кешіру мүмкіндігін қарастыру жоспарланған. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда әкімшілік амнистия аясында азаматтардың бір бөлігін жауапкершіліктен босатып қана қоймай, айыппұлдарды кешіру мүмкіндігін қарастыру жоспарланған. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Амнистия кімдерге қатысты?

Оның айтуынша, амнистия тек азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқықбұзушылық жасағандарға ғана қатысты болады.

"Ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қолданылады деп болжанып отыр", - деді Сәденов.

Кімдер амнистияға ілікпейді?

Министр амнистияның бірқатар санаттарға қолданылмайтынын нақтылады.

"Оның аясына қауіпті қылмыс жасағандар, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипаттағы, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар мен азаптау, сондай-ақ рецидивистер мен іздеуде жүрген адамдар кірмейді", - деді ол.

Айыппұлдарды кешіру

Сонымен қатар, әкімшілік амнистия аясында айыппұлдарды кешіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Жеке тұлғалардың төленбеген айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарастыру жоспарланып отыр. Мұндай тұлғалардың санаттарын, айыппұлдарды есептен шығару көлемі мен тәртібін заң жобасын дайындау кезінде уәкілетті орган егжей-тегжейлі пысықтайды", - деп толықтырды министр.

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов әкімшілік амнистияны дайындау мерзімдерін белгіледі.

"Кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқықбұзушылықтар бойынша амнистия өткізуге бастамашы болды.

Атап өтсем, әкімшілік амнистия еліміздің тарихында тұңғыш рет жарияланып отыр. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта мерзімде амнистия жүргізу тетігі бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізсін", - деді Бектенов.

Қазақстандағы амнистия

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына арналған іс-шара барысында әкімшілік амнистия жасалатынын хабарлаған болатын.

Мемлекет басшысы әңгіме азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінін құқықбұзушылықтар туралы екенін айтты.

Президент жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айшықтайтынын және мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңғыртуды көздейтінін баса айтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.49   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети