14 тамыз 2023 | 15:48

Қазақстандықтардың банктердегі депозитте қанша ақшасы бар?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 18 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 18 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге жоғары. Жыл басынан бері жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша Kaspi.kz көшбасшы болды. Салым 541,7 миллиард теңгеге өскен. Бұл Қазақстандағы басқа екінші деңгейдегі банктердің нәтижелерінен бірнеше есе артық. Биылғы маусымның аяғына қарай жеке тұлғалардың банктегі салымдар портфелі 4,2 триллион теңгеге жетен.

Екінші қатарға Еуразиялық банк тұрақтаған, жеке тұлғалар депозиті 155,5 миллиард теңгеге дейін өскен, 1 триллион теңге. Үздік үштікті Freedom Finance Bank қорытындылап тұр. Депозиттер 134,4 миллиард теңгеге өсіп, 443,7 миллиард теңгеге жеткен.

"Екінші деңгейлі банктердегі депозиттер көлемінің өсуі клиенттердің депозиттерді өз қаржысын сақтау мен арттырудың сенімді құралы ретінде қарастыратынын көрсетеді", - деді сарапшылар.

Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар. Елдегі ең ірі 5 банк барлық депозиттердің 80 пайыздан астамын біріктіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети