Қазақстандықтардың есепшоттары декларацияға қатысты бұғатталды: МКК мәлімдемесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың есепшоттары декларацияға қатысты бұғатталды: МКК мәлімдемесі Фото:depositphotos.com

Қазақстанда декларациялау мерзімінің бұзылуына байланысты 68 мыңнан аса салық төлеушінің есепшоты бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда декларациялау мерзімінің бұзылуына байланысты 68 мыңнан аса салық төлеушінің есепшоты бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Декларация тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтардан 16 қыркүйекке дейін белгіленді, бұл 8,5 ай болады.

"Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсыруға міндетті 4,8 миллион адамның ішінен декларацияны ұсынбағаны үшін мемлекеттік кіріс органдары 68,3 мың немесе 1,4 пайыз дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатты", - делінген хабарламада.

Бүгінде аутқушылықтарды жойған 17,5 мыңнан аса салық төлеушінің немесе өкімдердің жалпы санының 26 пайыз бойынша - банктік шоттары бойынша бұғаттау шешілгені айтылды.

Декларацияны уақытылы тапсыра алмаған азаматтар үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңбұзушылықтар жойылғаннан кейін банктік шоттар бойынша шығыс операциялары бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бұғаттан шешіледі.

"Ақпараттық қолдауға қарамастан, кейбір салық төлеушілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған жоқ. Мұндай жағдайларда салық органдары заңбұзушылықтарды жою үшін қосымша 30 жұмыс күнін бере отырып, салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғаларға салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама жібереді. Осылайша, азаматтарға декларация тапсыру үшін 10 ай уақыт берілді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети