Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігін ұмытқаны үшін салынған ескі айыппұлдары кешіріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстандықтарға 13 ақпаннан бастап өзімен жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын алып жүру міндетті емес. Бұл заң күшіне енгенге дейін осы жағдаймен әкімшілік жауапқа тартылған және айыппұлы әлі төленбеген адамдарға да қолданылады. Осылайша, бұрын салынған айыппұлдар кешіріледі. Норманы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға 13 ақпаннан бастап өзімен жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын алып жүру міндетті емес. Бұл заң күшіне енгенге дейін осы жағдаймен әкімшілік жауапқа тартылған және айыппұлы әлі төленбеген адамдарға да қолданылады. Осылайша, бұрын салынған айыппұлдар кешіріледі. Норманы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын заңның кері күші болады. Яғни, заң қолданысқа енгенге дейін жасалған және оған қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы шығарылған қаулыларға да қолданылады. Оған өтелмеген құқықбұзушылықтар да кіреді.

"Тиісінше, аталған құжаттардың болмағаны үшін қозғалған барлық істер, заң күшіне енгенге дейін айыппұл төленбесе, тоқталған болып саналады. Бірақ мұндай істерді құқықбұзушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда және ол бойынша тексеру жүргізілгенен кейін ғана тоқтату керек", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар көліктерге және Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алғандарға қатысты қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркелгені туралы куәлікті көрсету міндетті болып қалады.

Полициядағылар сақтандыру полисінің маңыздылығына ерекше назар аударды. Сақтандыру полисі рөлдегі жүргізушінікі болмаса, онда оған ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі бойынша 10 АЕК айыппұл (29 170 теңге) салынып, көлік ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес айыппұл тұрағына жабылады.

Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жүргізуші куәлігін алып жүрмеуге заңмен рұқсат етіледі.

  • Төлқұжат, оның ішінде қызметтік, шетелдік және дипломатиялық;
  • Жеке куәлігі;
  • Шетелде тұруға ықтиярхаты;
  • Қандастар куәлік, жол жүру құжаты, азаматтығы жоқ адамның, босқынның, теңізшінің куәлігі;
  • Туу туралы куәлік;

Бұл ретте, туу туралы куәлік жеке куәлікті, төлқұжатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе шетел төлқұжатын алғанға дейін жеке басты куәландыратын құжат болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro