27 қыркүйек 2021 10:01

Қазақстандықтардың қатысуымен өткен ТНТ-дағы КВН аналогының толық видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал КВН шоуының аналогына айналатын қазақстандықтардың қатысуымен өтетін TНТ телеарнасының "Ойын" жаңа жобасының премьералық шығарылымының толық видеосы арнаның YouTube-тегі ресми парақшасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал КВН шоуының аналогына айналатын қазақстандықтардың қатысуымен өтетін TНТ телеарнасының "Ойын" жаңа жобасының премьералық шығарылымының толық видеосы арнаның YouTube-тегі ресми парақшасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоуды Өскемендік стенд-комик Евгений Чебатков жүргізеді. Төрешілер қатарында танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров бар.

"Біздің ойында 12 команда бар. Олардың көпшілігі танымал әзілкештер, біз оларды "Кәрілер" және "жастар" деп бөлдік. Бізде бәрі әділ өтеді. Жастар, жастармен ойнайды. Әр ойынның есебін біз турнирлік кестеде жинақтаймыз. Финалға маусым ішінде ең көп ұпай жинаған командалар өтеді. Екі команда "Кәрілерден" және екі команда "жастардан". Жеңімпаз командаға ТНТ 30 миллион рубль (177 миллион теңге) сыйақы дайындады",- деді Евгений Чебатков.

Шоуға Нұр-Сұлтан қаласының "Астана" командасы қатысты. Мына сілтемені басып ойынның толық нұсқасын көре аласыз.

"Менің ойымша, қазақтар көп ұзамай ТНТ-ны ғана емес, жалпы шоу-бизнесті басып алады. Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Бәрі өте керемет! Жүз пайыз жеңімпазсыздар", - деп түсіндірді Нұрлан Сабуров.

"Мен сенің қазақша әзіліңді қатты сағындым. Мен енді ресми түрде күле алмаймын. Рахмет! Әрине, барлық ұпай сенікі", - деді қазылар алқасының мүшесі, ресейлік сатиралық актриса Юлия Ахмедова.

"Тамаша эпизодтар, жалғастыра беріңіз! Мен қазақ әзілінің жанкүйерімін. Ал сіз бұған дәлелсіз. Сіз қазақ әзілінің ең жақсы көрінісісіз", - деді комик Гарик Мартиросян.

"Мен ұзақ ойландым, менің ойымша, бұл жоғары ұпайға үміткер. Кімге ұпай беру керектігін таңдау қиынға соғып жатыр", - деп қысқаша қорытындылады қазылар алқасының мүшесі Гарик Харламов.

"Ойынның" бірінші санын осы жерден көре аласыздар.

TНT каналы тамызда "КВН-ге балама болатын" жаңа жоба әзірлегенін жариялады. Содан кейін жобаға 12 командадан 85 әзілкеш қатысатыны белгілі болды. Бұрынғы КВН ойыншылары - Азамат Мұсағалиев, Алексей Щербаков, Рустам Рептилоид, Тамби Масаев, Дмитрий Кожома, Айдар Гараев, Варвара Щербакова, Елена Гущина және басқа да көптеген әзілкештер - 30 миллион рубль жүлдеге таласады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети