Қазақстандықтардың медициналық сақтандыру мәселесін қалай шешуге болады? ДСМ жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтарды әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша шаралар әзірленді. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер - еск.) осал санаттағы адамдар үшін ЖАО жарналарын жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарды әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша шаралар әзірленді. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер - еск.) осал санаттағы адамдар үшін ЖАО жарналарын жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ақпараттық деректер базасын талдау нәтижелері бойынша МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды іс жүзінде жүзеге асыратын қазақстандықтар санының төмен деңгейі анықталды. Мәселен, нақты төлеушілер 5 миллионға жуық немесе қазақстандықтардың 25 пайызынан аспайды. Елдің жекелеген облыстарында көрсеткіш жергілікті халықтың бестен біріне жетпейді.

"15 жеңілдікті санаттағы 11,7 миллион азамат МӘМС бойынша медициналық көмекті мемлекет есебінен алатынын естеріңізге сала кетейік.

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамту жағдайын объективті бақылау және оны ұлғайту бойынша уақтылы және тиімді шаралар қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Ведомствоаралық жобалық офис құрылды. Оған өңірлік штабтардың жұмысын үйлестіретін ҚР ДСМ, ҚР Еңбекмині, ҚР Қаржымині МКК, ӘлМСҚ және МӘСҚ өкілдері кірді", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.

Біріншісі - қанағаттанарлықсыз, дағдарыстық және төтенше жағдайдағы азаматтарға қатысты жұмыс. Бүгінгі таңда отбасының цифрлық картасының деректері бойынша, әл-ауқаттың осы деңгейлеріне сәйкес келетін қазақстандықтар 2,2 миллион. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы штабтар біріншісін жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету және екіншісін жеңілдікті санаттар тізіміне енгізу мақсатында олардың арасында экономикалық белсенді және еңбекке жарамсыз адамдарды анықтауы тиіс. Бұдан басқа, осал санаттағы адамдар үшін МӘМС жарналарын ЖАО төлеу тетігі мәселесі пысықталатын болады.

Екінші бағыт - ЖАО-ның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылы арқылы бейресми жұмыспен қамтылған халықты тарту болды. Олардың бірлескен жұмысы тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілерін анықтау бөлігінде күшейтілетін болады.

Үшінші бағыт – МӘМС бойынша төлемдерді уақтылы жүргізбейтін жұмыс берушілермен мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жандандыру. Мұнда біз әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі борышкер ұйымдар туралы айтып отырмыз, делінген хабарламада.

Осылайша, негізгі практикалық жұмыс қалалық және аудандық деңгейде жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro