Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдарын тексеру қашан басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдарын тексеру қашан басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті банк шоттарына кәсіпкерлік қызметпен байланысты ақша түскен азаматтар туралы банктерден ақпарат ала бастаған.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау критерийі жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде әр түрлі тұлғалардан жеке банк шотына ай сайын 100-ден аса аударым алуы болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың аударымдары туралы ақпаратты банктерден кезең-кезеңімен алу мерзімдерін белгіледі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға және олардың жұбайлары (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне және олардың жұбайлары (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі (2025 жылдың қорытындысы бойынша).
"Бүгінде тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары туралы ақпарат алынды.
Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанын ескертеміз.
Бұл ретте жеке тұлғалар мобильді аударымдарды жеке мақсаттары үшін – туыстарына, достарына аудару, ата-аналары мен балаларына көмек көрсету, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар үшін жасай алады және қабылдай алады", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!