Қазақстан 2025 жылы әлемдік IQ рейтингінде 65-орынға тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандағы IQ деңгейі қандай?
Биыл Қазақстандағы орташа IQ деңгейі 97,2 болды, бұл былтырғы көрсеткіштен (97) сәл жоғары.
Әлемдік орташа IQ деңгейімен салыстырғанда (100), Қазақстанның көрсеткіші төмен болып отыр.
126 елдің ішінде Қазақстан IQ деңгейі бойынша 65-орынға жайғасты.
IQ көрсеткіші Қазақстаннан жоғары елдер
ТМД елдері ішінде IQ көрсеткіші Қазақстаннан жоғары мына мемлекеттер:
- Ресей (103,2);
- Армения (102,6);
- Беларусь (98,7);
- Әзербайжан (98,7);
- Молдова (97,3).
IQ көрсеткіші Қазақстаннан төмен елдер
Қазақстаннан төмен көрсеткіш мына елдерде:
- Өзбекстан (96,8);
- Қырғызстан (94,9);
- Тәжікстан (93,6).
Ең жоғары IQ қай елде
Әлемде ең жоғары орташа IQ Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Иран және Сингапурда тіркелген, ал ең төменгі IQ Габон, Ангола және Бенинде байқалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!