Қазақстандықтардың орташа жалақысы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың орташа жалақысы аталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың ақпанындағы бағалау бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы - 223 213 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2021 жылғы қаңтарда 115 684 теңге болды. Бұл 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,8 пайызға жоғары. Бірақ, нақты ақшалай кірістер көрсетілген кезеңде 2,4 пайызға төмендеді.

2020 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны 453 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9 пайызын құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы ақпанның соңында 192 мың адам немесе жұмыс күшінің 2,1 пайызы.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 233 136 теңге болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети