17 наурыз 2023 10:01

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын қалай арттыруға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қазба байлығын ескеретін болсақ, халқымыз әлемнің ең дамыған елдерінің стандарттары бойынша өмір сүруі тиіс. Дегенмен орташа өмір сүру ұзақтығы бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты.


Қазақстанның қазба байлығын ескеретін болсақ, халқымыз әлемнің ең дамыған елдерінің стандарттары бойынша өмір сүруі тиіс. Дегенмен орташа өмір сүру ұзақтығы бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты.

Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) бағдарламасында медицинаны бюджеттен қаржыландыруды ДДҰ ұсынған көрсеткішке, яғни, ЖІӨ-нің кем дегенде 6 пайызына дейін жоспарлы түрде ұлғайту қажеттігі көрсетіледі.

Десе де, 2021 жылы еліміздегі денсаулық сақтау шығындарының үлесі ЖІӨ-нің 2,9%-ын құрады, ал іс жүзінде сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің төмендігіне байланысты аталмыш салаға бұдан да аз қаражат бөлінді.

Қазірде жағдай қандай? Сovid-19 пандемиясы бізге үлкен сабақ болды. Ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 0,76 жылға (2020 жылы 67 жастан 2021 жылы 66 жасқа дейін), ал әйелдерге қатысты бұл көрсеткіш 1,5 жасқа (дәл осы кезең аралығында 75 жастан 74 жасқа дейін) қысқарды. Соңғы екі жылда аталмыш көрсеткіш еліміз бойынша орташа есеппен үш жылға жуық - 2013 жылғы деңгейге дейін қысқарды.

Мемлекет азаматтардың денсаулығын сақтауға қатысты өз міндеттерінен қашқақтауда. Шенеуніктер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін өз пайдасын ойлап енгізді. Бұл көптеген адамдарға сапалы тексеруден өтуге мүмкіндік бермей отыр.

Жақында өткен дөңгелек үстел барысында ЖСДП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Айдар Алибаев: "Осы жылдар аралығында ӘСМС жүйесі өзін ақтамады. Созылмалы аурулары бар науқастар кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмектерді қол жеткізе алмауда. ЖСДП сапалы медициналық қызметті қамтамасыз етуді қолдайды. Бұл ретте партия медициналық сақтандыру мүмкіндігін ерікті негізде жоққа шығармайды. Біз оны жеке өмірді сақтандыру үшін күрделі өндірістерде қолдануды қарастырамыз", - деп атап өтті.

"Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың айтарлықтай деградациясына алып келді деп айтуға мәжбүрміз. Балалар сапалы білім, ересектер лайықты медициналық көмекке қол жеткізе алмауда. Сыбайлас жемқорлар мен талантсыз менеджерлер ұрпағымыздың болашағын, аға буынның уақытын ұрлады. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші мәз емес, әлем емін тапқан аурулардан біздің ерлер мен әйелдер әлі де қаза табуда. ЖСДП саясаттың басты назары бірінші кезекте адамда болуын талап етеді", - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат.

Тапсырыс беруші: ЖСДП Төрағасы Рақымжанов А.Н.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді"
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети