Қазақстандықтардың орташа табысы анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Биыл бірінші тоқсанда халықтың ақшалай табысы орта есеппен жан басына шаққанда 196,5 мың теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл бірінші тоқсанда халықтың ақшалай табысы орта есеппен жан басына шаққанда 196,5 мың теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық.

Қазақстан өңірлерінің арасында табысы көптер мегаполистерде, Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) және Алматыда (246,8 мың теңге) тіркелді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққанда 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы Алматыдан сәл артта қалды.

Табысы ең төмен - Түркістан облысының тұрғындары: 121,8 мың теңге. Бұл жетекші Нұр-Сұлтанға қарағанда 2,3 есе аз және Қазақстан өңірлері арасындағы кіріс деңгейі бойынша соңғылардың қатарында тұрған Жамбыл облысынан (151,8 мың теңге) 20 пайызға аз.

2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай табысының үштен екісінен астамы еңбек қызметінен түскен табыстарға тиесілі: 136,5 мың теңге, оның 119,1 мыңы - жалдамалы жұмыстан, 17,4 мыңы - өзін жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен.

Ал әлеуметтік трансферттер бойынша - 30 пайыздан аз. Оның ішінде 43,7 мың теңге - зейнетақы, ал жәрдемақы, шәкіртақылар, АӘК және тұрғын үй көмегі 9,1 мың теңге болды.

Қалған кірістерге 7,2 мың теңгеден. 

Бірінші тоқсанда ауыл мен қала тұрғындарының ақшалай кірісі арасындағы айырмашылық  қала тұрғындарының пайдасына 2020 жылғы 40,4 пайыздан 37,7 пайызға дейін төмендеді.

Қалалық жерлерде халықтың табысы 9,9 пайызға, орта есеппен жан басына шаққанда 221,3 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде 12,1 пайызға, 160,6 мың теңгеге дейін өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro