08 қазан 2021 18:16

Қазақстандықтардың шағымынан кейін дизель отынының сапасы тексерілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі автокөлік иелерінің жаппай шағымынан кейін дизель отынының сапасын тексерген видео көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі автокөлік иелерінің жаппай шағымынан кейін дизель отынының сапасын тексерген видео көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтардың дизель отынының сапасы туралы шағымынан кейін мұнай өңдеу зауыттарында зертханалық жұмыстар жүргізіліп, маусымдық дизель отыны қандай температурада қату керек екені анық көрсетілді.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында сүзгіден өтуі мен қату температурасын талдау үшін сертификатталған құрылғыларда сынақтар жүргізілді. Нәтиже қорытындысында Шымкент зауытында шығарылатын дизель отыны минус 15 градус орташа температурада қататыны, ал сүзгілеу температурасы минус 7 градуста және минус 5 градустан жоғары болмайтын температурада жүзеге асатыны көрсетілді", - деді ҚМГ баспасөз хатшысы Қанат Құлшманов.

Оның айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында дизельді минус 1 градус температурада бір түн көшеде қалдырып, "халықтық" әдіспен сынақ жүргізген. Зерттеу нәтижесінде Құлшманов Атырау дизель отыны барлық температура стандартына сәйкес келетінін мәлімдеген.

"Зауытта дизель отынының сапасын бақылау жөнелту кезінде партияға паспорт беру арқылы жүзеге асырылады, бұл "арбитраждық" сынамаларды іріктеумен қатар жүреді. Әрбір партияның үлгісі МӨЗ-де сақталады және шағым жасалған жағдайда бүкіл партияның сапасын растайды. Осы уақытқа дейін МӨЗ-ге қатысты ешқандай шағым болған жоқ", - деп толықтырды.

Еске салайық, қазақстандық жүргізушілер қатып қалған дизель отынын, сүзгілері зақымдалған, жүрмей қалған автокөліктерді видеоға түсірген. Олар дизель отынын еліміздің ресми жанармай құю станцияларынан сатып алғанын айтқан, бірақ жанармай сапасы стандарттарға сай келмеген.

ҚМГ үш мұнай өңдеу зауыты да "давальческая схема" (бұл - тапсырыс берушінің шикізатын оған дайын өнімді бере отырып, мердігерлік шарт талаптарында қайта өңдеумен байланысты өндірістік қызмет) бойынша жұмыс істейтінін және жанармай сатуда бөлшек саудамен айналыспайтынын айтты. Егер мұнай базаларында сақтау кезінде дизель отынының сапасында өзгеріс болса немесе оны басқа өніммен араластырса, бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети