Қазақстандықтардың телефон нөмірлері қандай жағдайда бұғатталады: себептері

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың телефон нөмірлері қандай жағдайда бұғатталады: себептері Фото:depositphotos.com

Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді. Тиісті бұйрыққа жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді. Тиісті бұйрыққа жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа редакциядағы қағидалар жеке тұлғаларға нөмірлерді рәсімдеу тәртібін, телефон алаяқтарымен күрес шараларын және күмәнді нөмірлерді бұғаттау тәртібін реттейді.

Кімдердің нөмірі және қалай бұғатталады?

Жаңа қағидаларға сәйкес, ұялы байланыс операторлары алаяқтықтан қорғау жүйелерін (антифрод-жүйелер) қолдануға міндетті. Олар Ұлттық банктің антифрод орталығымен бірлесіп, деректер алмасатын болады. Егер оператор күмәнді қоңыраулар немесе SMS анықтаса, нөмір иесі туралы мәліметтерді (Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірі) антифрод орталығына жібереді.

Анықтама: антифрод-жүйе - бұл алаяқтық әрекеттерді анықтауға және алдын алуға арналған автоматтандырылған жүйе.

Егер абоненттерден немесе антифрод орталығынан шағымдар түссе, оператор екі жұмыс күні ішінде нөмірді тексеруге міндетті. Нөмірдің алаяқтық мақсатта пайдаланылғаны расталса, оператор оны уақытша бұғаттап, бұл туралы антифрод орталығына хабарлайды. Ал егер алаяқтық дерегі расталмаса, оператор екі күн ішінде бұл туралы Ұлттық банкке хабарлауы тиіс.

Басқа өзгерістер:

Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында мынадай жаңа нормалар енгізілген:

  • бір адам жеке немесе отбасылық пайдалану үшін ең көбі 10 мобильді нөмір тіркей алады;
  • егер 10-нан артық нөмір қажет болса (мысалы, бизнес немесе "ақылды үй" құрылғылары үшін), онда себептері мен SIM-карталар қолданылатын құрылғылар тізімі көрсетілген өтініш беру керек;
  • егер себептер жеткіліксіз деп танылса, оператор бас тартуға құқылы, бірақ түзетулер енгізілгеннен кейін өтінішті қайта беруге болады.

Жаңа қағидалар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң, яғни 18 қарашада күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети