Қазақстандықтардың тең жартысының медициналық қызметке көңілі толмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың тең жартысының медициналық қызметке көңілі толмайды Фото:depositphotos.com

Мәжіліс спикерінің орынбасары Дания Еспаева Үкімет сағатында медициналық қызмет көрсетудің тарифтері мен сапа төмендігіне тоқтап, МӘМС қызметіне қазақстандықтардың тең жартысының көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс спикерінің орынбасары Дания Еспаева Үкімет сағатында медициналық қызмет көрсетудің тарифтері мен сапа төмендігіне тоқтап, МӘМС қызметіне қазақстандықтардың тең жартысының көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, денсаулық сақтауға шығыстардың айтарлықтай ұлғайғанына қарамастан, азаматтардың медициналық қызметтердің көрсетілуіне қанағаттану деңгейі төмендеп барады.

"Мәселен, соңғы 3 жылдың өзінде денсаулық сақтауға шығыстар 2,8 есе артты, ал халықтың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 47 пайызға дейін төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нәтижелерінің бірі саналатын диагностикалық қызметтердің тұрақты өсіп жатқаны туралы үнемі есеп береді. Олардың деректері бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтер саны, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің саны 7 есе өскен", - деп атап өтті Еспаева.

Алайда депутаттың айтуынша, диагностикалық қызметтердің өсуі ауруды ерте анықтауға ешқандай әсер етпеген.

"Тіпті кейбір жағдайларда бұл қызметтер қажеттіліктің жоқтығына қарамастан тағайындалған. Аталған саланы қаржыландыру көлемі ұлғайса да шешімін таппаған жүйелі проблемалар әлі бар. Олар - халықтың осы жүйеге, оның тиімділігіне деген сенімін жоғалтуға соқтыратын, тұрғындардың міндетті әлеуметтік сақтандыруға деген қызығушылығының төмендігі; қаржыны басқарудағы кемшіліктерге, қосып жазуға, бұрмалаушылықтарға әкелетін саланы цифрландыру деңгейінің әлсіздігі; көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу кезінде әкімшілік қиындықтарға әкелетін екі қаржыландыру пакетін бөлудің анық болмауы; медициналық қызметтерді тұтынудың артуына, инфляцияның өсуіне және медициналық қызметтерге төмен тарифтерге байланысты саланың жеткіліксіз қаржыландыруы", - деді Дания Еспаева Үкімет сағатында.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде іске қосылды. Бұл жүйе азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тиімділігін арттыру мақсатында енгізілген.

МӘМС-тің әзірлеу жұмыстары бірнеше жыл бойы жүргізіліп, жүйенің іске қосылуы бірнеше рет кейінге шегерілген болатын. Соған қарамастан, 2020 жылдан бастап барлық азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары ретінде қажетті медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети