Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда инвестицияланып жүр? 19 мамыр 2022, 10:31

Сарапшылар Қазақстанда зейнетақы активтері осы уақытқа дейін қайда инвестицияланып келгенін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Сарапшылар Қазақстанда зейнетақы активтері осы уақытқа дейін қайда инвестицияланып келгенін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың сәуіріне қарай елімізде БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 13 триллион теңге болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш пайызға артық. Зейнетақы жинақтарының көлемінде жыл сайын инвестициялық табыстың үлесі артып жатыр. Барлық зейнетақы активі БЖЗҚ-мен біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялардан түскен табыс 6,3 триллион теңгеге жетті.

Жыл басынан бергі күрделі геосаяси жағдайға және әлемдік нарықтардағы өзгергіштікке қарамастан, биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, зейнетақыдан инвестициялық табыс 304,9 миллиард теңге мөлшеріне жетті. Өткен 2021 жылы салымшылардың зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс сомасы шамамен 1,4 триллион теңге болды, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 10,8 пайызға артық.

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері портфеліндегі негізгі үлесті - 39,9 пайызды мемлекеттік бағалы қағаздар (5,2 триллион теңге) алды. Алайда өткен жылдары мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі жоғарырақ болды - 2021 жылы 43 пайыз және 2020 жылы 42 пайыз.

Облигациялар үлесі 23,49 пайыз болды.

Сыртқы басқарудағы активтердің үлесі 11,5 пайызға жетті, өткен жылғы 8,4 пайызға қарағанда өсті. Қалған қаржы құралдарына келетін болсақ, бұл жерде біз жылдық үлестің азаюын байқаймыз. Бұл - халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары, Қазақстан банктеріндегі және шетел банктеріндегі акциялар, депозиттер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram