Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары бір жылда 1 триллион теңгеден асты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналарының мөлшері абсолют рекордқа жетіп, 11 айда алғаш рет 1 триллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz деректеріне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналарының мөлшері абсолют рекордқа жетіп, 11 айда алғаш рет 1 триллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz деректеріне сілтеме жасап. 

БЖЗҚ мәліметінше, 1 желтоқсанға қарай қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының мөлшері 13,4 триллион теңгеге жетті. Адамдар тұрғын үй сатып алуға, денсаулығын жақсартуға қаражаттың бір бөлігін алғанына қарамастан, бір жыл ішінде бұл сома 5 пайызға, 648 миллиардқа өсіп отыр.

Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жарналары өткен жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алғаш рет 1 триллион теңгеден асып, рекорд орнатты. Бір жыл ішінде жарналар сомасы 24 пайызға артты, бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Сарапшылар зейнетақы жарналары барлық бағыт бойынша өсіп жатқанын айтады. Мәселен, осы 11 айда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша 1,1 триллион теңге түскен (бір жылдағы өсім 24 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша 50,4 миллиард (бір жылдағы өсім - 18 пайыз) түскен. Сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) көлемінің бір жылда бірден 38 пайызға, 660 миллион теңгеге дейін айтарлықтай өсуі байқалады.

1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында зейнетақы жарналарынан түсетін инвестициялық табыс 1,3 триллион теңге болды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 210 миллиард теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық банкі басқаратын БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 7,8 пайыз инфляциямен 11 пайыз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro